Ү. ж. 26 маусымында ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының кезекті 2-ші отырысы өткізілді. Онда барлығы – 67 ұсыныс қаралды. Білім және ғылым министрлігінен -1, Қаржы министрлігінен – 1, Ақтөбе облысы әкімдігінен –2, Алматы облысы әкімдігінен – 15, Атырау облысынан – 3, Қостанай облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 5, Шығыс Қазақстан облысынан – 16 және Астана қаласы әкімдігінен - 23.
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша 59 ұсынысқа оң қорытынды беріліп, (2 мәдениет үйі, 2 физика-георгафиялық объект, 1 спорт мектебі, 22 көше атауы, 32 білім мекемелері). 8 ұсыныс (2 көше, 6 білім мекемесі) бойынша оң шешім қабылданбады.
Қабылданған ұйғарымға сәйкес қорытынды әзірленіп, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға 3 жұмыс күн ішінде жолданады.
по материалам www.mk.gov.kz