«Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері ү.ж. 21 маусымда өткен «Қан тапсыр да, өмірді құтқар!» атты қайырымдылық акциясына белсене қатысты.
Тұтастай алғанда, аталған акцияға «Мәдениет» бастауыш партия ұйымынан 30 адам қатысып, қан тапсырды. Акцияға қатысушылар «Нұр Отан», «Мәдениет» деген ұран сөздер жазылған арнайы футболкалар киіп, акцияға ұйымдасқан түрде таңғы топталып барды.
Акцияға Мәдениет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ Министрлікке бағынысты мекемелерінен партияға мүше қызметкерлер кеңінен тартылды.
Акция барысында «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері арнайы сөз сөйлеп, естелік суретке түсу шаралары өтті.
«Мәдениет» бастауыш партия ұйымы алдағы уақытта да «Бірлік» филиалының бастамасымен өтетін іс-шараларға бастауыш партия ұйымының мүшелерін белсене тарту жұмыстарын жалғастыратын болады.
по материалам www.mk.gov.kz