Бүгін 3 шілде күні сағат 13:00 - де ҚР Ұлттық музейі мен Ресей этнографиялық музейі әріптестік туралы меморандумға қол қояды.
Іс-шараға Қазақстанмузейлерінің жетекшілері және Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Болгария, Қырғызстан сынды шетел музейлерінің жетекшілері шақырылған.
Қатысушылар:
Джон Симпсон - Британ музейі Таяу Шығыс департаментінің кураторы;
Джон (Джек) Расмуссен – Америка университеті жанындағы Катцен атындағы Өнер орталығының негізін қалаушы және директоры;
Чен Сие Джун – Шанхай музейінің директоры, Шанхай мәдени жәдігерлер басқармасы директорының орынбасары;
Ирина Александровна Антонова – А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері музейінің президенті;
Ирина Владимировна Лебедева – Мемлекеттік Третьяков галереясының бас директоры;
Владимир Моисеевич Грусман – Ресей этнографиялық музейінің директоры;
Виктория Геннадьевна Зубравская – «РОСИЗО» Мемлекеттік музей-көрме орталығы көрме бөлімінің жетекшісі;
Чингиз Абдулмежидович Фарзалиев – Әзірбайжан Ұлттық өнер музейінің директоры;
Цветана Кьосева Лазарова – Болгария тарихы Ұлттық музейі директорының орынбасары;
Иманкулова Нурхат Эрнисовна – Қырғыз Республикасы Ұлттық тарих музейі директорының қор-есептеу жұмысы жөніндегі орынбасары, бас сақтаушы.
17.30-22.00 – музейдің барлық келушілеріне «Ұлы Жібек жолымен саяхат» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
по материалам www.mk.gov.kz