Америка Құрама Штататарында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтуде

03.07.2014 12:00 1517

 

2014 жылғы 27 маусым және 4 шілде күндері аралығында Америка Құрама Штаттарында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтуде. 

Мәдениет күндері аясында АҚШ-тың ең атақты залдары – Вашингтондағы Кеннеди-центр және Нью-Йорктағы Карнеги-холлда Қазақстан Республикасының өнер шеберлерінің қатысуымен салтанатты концерт өтеді.Кеннеди-центр залында әлемдік деңгейдегі опералар, балеттер және концерттер қойылады. Және Карнеги-холл – классикалық музыка орындалатын әлемдегі ең атақты да беделді алаңдардың бірі.

30 маусым күні Нью-Йорктағы Карнеги-холл залында Астана қаласы күніне арналған фотокөрме ұйымдастырылып, көрме соңы Қазақстан өнер шеберлерінің салтанатты концертіне жалғасты.

Салтанатты концертте Қазақстанның халық әртісі - Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері – Майра Мұхамедқызы, Жанат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Талғат Мұсабаев, Жәмиля Жарқымбаева, Айгүл Қосанова, Нұрлан Бекмұхамбетов, Нұркен Әшіров, республикалық және халқаралық конкурс лауреаттары – Бейбіт Мұсаев, Еділ Құсайынов, Ардақ Итекеева, Әсел Рахымжан, Анар Қабдымананова, Айнагүл Әділова, Айзада Капонова, Нурия Каримбаева, Алуа Маканова, Медет Шотабаев, Айдос Жабагин, Таир Тажигулов, және де Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі, Б.Байкадамов атындағы Қазақ Мемлекеттік капелла хоры өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада қазақ және америка халқының, сондай-ак Батыс Еуропаның таңдаулы музыкасы шырқалды.

Қазақстан, сонымен қоса ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұсынды. Ұлттық нақышта және экологиялық таза материалдардан дайындалған арт-инсталляция,  «Болашақ энергиясы» атты ЭКСПО 2017 көрмесінің тақырыбын білдіреді.

Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндерін өткізу бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайтуға, екіжақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізері сөзсіз. Бұл шара америка халқының қазақ мәдениетіне деген аса үлкен қызығушылығын оятып, екі ел арасындағы мәдени байланыстардың одан әрі дамуына серпін береді.

по материалам www.mk.gov.kz