Ресей Федерациясының Мәдениет министрі В.Р. Мединскиидің Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының салтанатты ашылуына қатысушыларға арнаған құттықтау сөзі

03.07.2014 12:00 1442

 

Қадірлі достар! Сіздерді Астана қаласында ашылған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ашылу салтанатымен шын көңілімнен құттықтаймын!

Қазақстан Ресейдің кеден, экономика және саяси салалар мен гуманитарлық қарым-қатынастағы ғана месе, стратегиялық саладағы бірден-бір серіктесі.

Қазақстанның бай тарихы оның этникалық және мәдени қырлары Ресей аудиториясына өте жақын және қызықты сонымен қатар біздің еліміз шығыс пен батыс арасындағы өркениетті диалогтың  айтулы кеңістігі. Ресей мұражайының топтамасы Ұлы жібек жолындағы тестиль көрмесі өзінің жұмысын Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында бастап отыр. Ол біздің арамыздағы тарихи-мәдени байланыстың жемісі.

Бүгін біз бір-бірімізбен қарым-қатынасымызды нығайту арқылы бір кездері Азия мен Европаны жалғастырған осы жолды символикалық түрде жандандырып жатырмыз.

Сіздерге шын жүректен шығармашылық табыс және барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілейміз.

Ресей Федерациясының  Мәдениет министрі  В.Р. Мединский

по материалам www.mk.gov.kz