Гламурлық сопрано Анна Нетребко аcтаналық опера сахнасында

05.07.2014 14:00 1656

 

Опера өнеріндегі сұранысы ең жоғары әнші – Анна Нетребко Қазақстанда алғаш рет концерт береді. Әлемнің ең үздік сахналарын бағындырған ол «Астана Операда» 5 шілдеде, Астана күні қарсаңында өнер көрсетеді.

Әлем жұлдызыАнна Нетребко – атақты брендтердің бетке ұстары, оның түрлі елдерде табынушылары өте көп. Бүгінде теңдесі жоқ Анна Нетребконы жер бетіндегі әйгілі деген опера әншілерінің бірде-біреуімен салыстыра алмайсың. Әншінің тамаша орындауындағы опералық репертуарды тыңдаған сайын тыңдай бергің келіп, таң қаласың.

Анна Нетребко өзінің Қазақстандағы табынушыларына арнап «Манон Леско»операсынан Манонның «In quelle trine morbide» арияларын,«Андре Шенье»операсынан Мадленнің «La mamma morta» арияларын,«Адриана Лекуврёр» операсынан Адриананың «Io son l'umilleancella» арияларын, «Су перісі» операсынан  Су перісінің «Song to the Moon» арияларын және басқасын орындайды.

Примадоннамен бірге сахнада өнер көрсететін кештің арнайы қонақтары – асқан шебер скрипкашы Вадим Репин (Бельгия) жәнеМариинский театрыныңсолистіАхмед Ағади (Ресей). Тыңдарман назарына ұсынылатын шығармалар: «Травиата» операсынан Stretta dell’introduzione et Brindisi «Libiamo ne'lieti calici», «Сыған қыздың» скрипка мен оркестрге арналған концерттік рапсодиясы, «Кармен» операсындағы тақырыптар Фантазиясы және т.б.

Концерт «Астана Опера»симфониялық оркестрі мен хорының сүйемелдеуімен өтеді. Дирижерлық тізгінде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Хормейстер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері ЕржанДәуітов.

Концерт Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы бойынша  «Астана Опера» Қамқоршылар Кеңесінің мәдени мүшесі болып табылатын Қазақстандағы бизнеспен айналысқан алғашқы әйелдердің бірі Әлфия Қуанышеваның демеушілігінің арқасында жүзеге асты.

по материалам www.mk.gov.kz