ХАЗБУЛАТОВ Андрей Равильевич
Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі
2007 жылы – Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «декоративтік өнер суретшісі» мамандығын үздік бітірген.
2009 жылы – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында магистратурасын бітіріп, өнертану Магистрі деген ғылыми дәрежесін алған.
2009-2012 жылдары – мемлекеттің тапсырысымен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының PhD доктаранты.
2010 жылдың қазан айында Флоренция университетінде (Италия) машықтанудан өтті.
2011 жылдың наурыз айында – Санкт-Петербург қаласындағы И. Репин атындағы Академиялық институттан (Ресей) машықтанудан өтті.
2011 жылдың қараша айында – Нью-Йорк университетінің (АҚШ) Ежелгі Дәуір зерттеу институтында машықтанудан өтті.
2012 жылдың қыркүйек айында – Рованиеми қаласының (Финляндия) Лапландия университетінде машықтанудан өтті.
2012 жылдың маусым айында «Орталық Азиядағы сақ кезеңінің көркемдік металлы» (мәдени мұраларды сақтау, кайта қалпына келтіру, өңдеу аясында) атты РҺD докторлық диссертациясын сәтті қорғайды.
Еңбек қызметі
2009-2014 жылдар аралығында – мұғалім, мобильді академиялық және лингвистикалық дайындау Қызметінің жетешісі. Жоғарғы білім беруден кейінгі ғылыми-практикалық орталық және мобильді академиялық орталықтың жетекшісі, аға оқытушы, әлеуметтік сұрақтар бойынша және тәрбие жұмыстары жөніндегі проектордың міндетін атқарушы, ғылым жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (Алматы) доценті.
2014 жылдың наурыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі, мәдениет Комитетіне қарасты «Қазақстан халықтарының рухани дамуы Қоры» Акционерлік қоғамының президенті.
2014 жылдың маусым айынан бастап – Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, мәдениет пен өнер Комитеті Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директорының бірінші орынбасары (Астана қ).
2014 жылдың 14-ші шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы мәдениет министрінің жарлығымен Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры қызметіне тағайындалды.
Ғылыми еңбектері
А.Р. Хазбулатов Германиядағы халықаралық Palmarium Academic Publishing баспасында «Сақ-скиф аңдық стилі көшпелілердің мәдени феномені» атты монографиясын жариялады.
А.Р. Хазбулатов мәдени мұраны сақтауға байланысты ондаған ғылыми мақақалардың авторы. Олар: «Қайта қалпына келтіру мен консервациялаудың әлемдік дамудағы қағидасының қысқаша тарихы» (2011), сондай-ақ «Jewelry on the “Golden man’s” costume – masterpieces of world significance» (2012), «The Preservation of Cultural Heritage: Continuity and Memory» (2012) деген ғылыми мақалалары Scopus базаларындағы халықаралық рейтингтік журналдарда жарық көрген.
А.Р. Хазбулатов көптеген халықаралық ғылыми конференциялардың, форумдардың, симпозиумдардың қатысушысы. Солардың ішінде: 2012 жылы Данияда (WASET) өткен: Дүниежүзілік академиялық, инженерлік және технологиялық ғылымдар Конферециясы,
2013 жылы Алматыда өткен «Ұлы Жібек жолында» халықаралық ғылыми конференциясы(UNESCO), 2013 жылы Хельсинки қаласында өткен «Европа институттары өнер Лигасы көшбасшыларының VI Симпозиумы» (ELIA) және т.б.
2009 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Монғолияда өткен ғылыми экспедицияның қатысушысы.
2013 жылдан бастап «Рим және Алаш: тарихи қарым-қатынастағы тылсым мен өнер» атты халықаралық жобаның жетекшісі.
Ғылыми атақтары, дәрежелері мен марапаттары, сыйлары.
А.Р. Хазбулатов – өнертану саласының философия PhD докторы, әдебиет және өнер қайраткерлері Мемлекеттік стипендиясының иегері (2011).
Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты мен марапатталған, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінен, Алматы қаласы, Медеу ауданы Әкімінің, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының ректорының арнайы алғыс хаттары менен марапатталған. Білім, мәдениет және экономика салалары бойынша біліктілігін көтеру сертификаттары бар.
Отбасылық жағдайы
Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр.