14 шілде 2014 жыл. Астана. Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасының жаңа ұстанымдары мен жүзеге асыру тетіктерін отандық мәдениет саласының көрнекті қайраткерлері талқыға салды. Тұжырымдама жобасын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты жүргізді.
Талқылау барысында, мәдениет вице-министрі Асқар Бөрібаев ең алдымен ұлттық идеологияны, рухани даму және Қазақстан мәдениетін әлемдік кеңістікте жайғастыруды қуатты құрал ретінде қарастыру керек деп мәлімдеді. Оның көзқарасы бойынша, қолдағы тиімді инфроқұрылымды жұмыс істеп тұрған мәдени институттар мен механизмдер ұлттық және әлемдік мәдени мұраны байыту және сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Атақты жазушы, драматург Дулат Исабеков қазіргі таңдағы театрлардың басты мәселелерін сөз қылды. Материалдық базасы мен лайықты қаржыландыруы жоқ театр өнерінің жарқын болашағын елестету қиын. «Аймақтық немесе республикалық масштабтағы театрлар болсын, барлығының мүмкіндіктері бірдей болуға тиіс», - деп санайды драматург.
Талқылаудың ең белсенді қатысушыларының бірі болып Қазақстан театр Одағы ардагерлерінің төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан жобаның осындай кең көлемде талқыға түсуін және тұжырымдаманың мазмұнын болашақ отандық мәдениеттің ортақ әлеуметтік шығармашылыққа жақындататынын мәлім етті.
«Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантайдың ойынша қазіргі таңда мәдениет саласына заманауи менеджмент қажет және ол үшін бізге заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану керек деп санайды.
Сондай-ақ ол бүгінгі таңда Қазақстанда сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды сандық форматқа ауыстыру жұмыстары басталғанын айтып өтті. «Тұжырымдамада Қазақстан аумағында жиналған барлық 66 млн. 840 мың кітаптарды сандық форматқа ауыстыру қарастырылған. Әр кезеңнің элиталық мәдени игіліктеріне болашақта кез-келген адамдың қолы жетуі тиіс. Тұжырымдамадағы көрсетілген бұл бағытты мен дұрыс деп есептеймін» - деп айтты Дидар Амантай.
Қазақстандық қоғамның басты құндылықтарын қалыптастырудағы бағыт беретін мәдени саясат тұжырымдамасына арналған «дөңгелек үстел» мәдениет пен өнер саласындағы бірегей жиын болды және барлық қатысушылар өздерінің пікірлері мен алмасты. Зиялы қауымның ойынша жобаны қабылдау арқылы біздің қазақстандық мәдениеттің әлемдік қауымдастықта серпіліс жасайтынына сенімді.
Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылатын ұзақ мерзімді мәдени саясат Тұжырымдамасын іске асыруға кіріскенін еске саламыз.
Тұжырымдаманы үш кезеңде жүзеге асыру қарастырылған. Бірінші кезең 2015-2019 жылдар аралығы, келесі кезең 2020-2030 жж. Үшінші кезең 2030-2050 жж. жоспарланған.
По материалам www.mk.gov.kz