Аталған іс-шара алғашқы рет әлеуетті өрістету, ынтымақтастықты нығайту және Ұлттық комиссиялардың таңдаулы тәжірибесін ілгерілету жөніндегі жалпы кеңестер өткізу үшін ЮНЕСКО штаб-пәтерінен тыс әлемнің барлық өңірінің Ұлттық комиссияларын біріктірді. Жиналыстың ашылу рәсімінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысөзі кеңес қатысушыларына жолданды. Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның бас директоры И.Бокова қатысушыларға бейнежолдау жіберді.
Елбасы құттықтауын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков оқып берді.
Құттықтауда «Біздің барлығымызды әлем мен ғаламшарға қамқорлық, әлемдік стандарттарға, ғылыми прогресс пен тұрақты дамуға ұмтылыс біріктіреді. Аумағында 130-дан астам этнос бейбітшілікте сүріп жатқан Қазақстан үшін ЮНЕСКО мәдениетаралық, өркениетаралық және өңіраралық сұхбаттастықты нығайтуға бағытталған қызметі ерекше жақын. Біз өз тарапымыздан ЮНЕСКО құндылықтарын, төзімділік ұстанымдары мен жаңа ізгілік идеясын алға жылжыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз» делінген.
Іс-шара жұмысына ЮНЕСКО-ның барлық бес өңірлік топтарынан (Араб мемлекеттері, Азия және Тынық мұхиты, Еуропа және Солтүстік Америка, Латын Америкасы және Кариб бассейны) өкілдік ететін 130 елдің Ұлттық комиссияларының өкілдері қатысады. Іс-шараның бақылаушылары ретінде ЮНЕСКО-ның халықаралық серіктестік ұйымдары – АЛЕКСО, ОАЗХИ, ТҮРІКСОЙ өкілдері қатысады.
Іс-шараның ашылу рәсімінде ҚР мәдениет министрі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комииссияның төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлы және Сыртқы байланыстар мен қоғамдық ақпарат жөніндегі ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Эрик Фальт сөз сөйледі. Жиналыс барысында ЮНЕСКО Бас директоры И.Бокованың шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтің ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың нығаюына, сондай-ақ, Ұлы Жібек жолы мұрасын сақтауға аса көрнекті үлес қосқаны үшін Ұлттық комиссиясының экс-Төрағасын Ұйымның Құрмет медалімен марапатталды
Қазақстан Республикасының мәдениет министрі А.Мұхамедиұлы Қазақстан көптеген халықаралық форумдардың өткізілуінің бастаушысы екендігін атап өтті. «Бұл Қазақстанның алғашқы кезекте жасампаз жолы. Астанада бүгін өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның жаһандық іс-шарасы бұл тек инвестициялар ғана емес, көркеюші мемлекеттің имиджін де қолдайды. Аталмыш шарадан кейін дүниежүзінің көңілі Қазақстанға ерекше болатыны сөзсіз».
Кеңес аясында сегіз қазақстандық объектілердің (Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облыстарындағы Ақтөбе, Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек) Қырғызстан және Қытай тараптарымен бірге дайындалған «Ұлы Жібек жолы: Жібек жолының бастапқы бөлігі, Тянь-Шань дәлізі бағыттарының жүйесі» жөніндегі сериялық трансшекаралық номинациясының ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне еңгізілуіне, сонымен қатар, екі қазақстандық табиғи резерваттардың «Қатон-Қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақжайық» биосфералық аумағының ЮНЕСКО Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне енгізілуіне байланысты арнайы сертификаттарды табыстау салтанаты өтті.
Эрик Фальт бастаған ЮНЕСКО өкілдік делегацияның құрамына Ұлттық комиссиялар және ЮНЕСКО қауымдастырылған қоғамдар секциясының басшысы Сяолин ЧЕН, ЮНЕСКО қатысу Бағдарламасы секциясының басшысы Стоян БАНТЧЕВ, Азия-Тынық мұхит аумағы секциясының басшысы Эмико ДЭ МАРМЬЕ-МУРАИ, ЮНЕСКО қауымдастырылған қоғамдар және Ұлттық комиссиялар секциясының бағдарламалық маманы Андрей ШЕВЕЛЕВ, ЮНЕСКО-ның Нью-Делидегі Офистің директоры Шигеру АОЯГИ және т.б кірді.
Күн тәртібінде тұрған өзекті мәселер шеңберінде ЮНЕСКО-ның Нью-Делидегі Офистің директоры Шигеру АОЯГИ мырза, ЮНЕСКО істері жөніндегі Сент-Люсиядағы Ұлттық комиссияның Бас хатшысы Марсия Симфориен ханым, ЮНЕСКО істері жөніндегі Венгриядағы Ұлттық комиссияның Бас хатшысы Каталин Чиллаг ханым, ЮНЕСКО істері жөніндегі Индонезиядағы Ұлттық комиссияның атқарушы төрағасы Ариф Рахман мырза жергілікті ЮНЕСКО бөлімдері және Ұлттық комиссиялар арасындағы ынтымақтастық және қарым-қатынас жайында баяндамаларын жария етті.
Астана қалалық әкімшілігі ұйымдастырған «Астана аясындағы мыңжылдық» көшпенділер өркениетінің фестивалі Қазақстан астанасында бірінші күн тұратын форум қонақтарына ұмытылмас әсер қалдырды.
ЮНЕСКО Бірінші өңіраралық жиналысы ертең өз жұмысын жалғастыратын болады.
ҚР ММ Баспасөз қызметі