2014 жылдың 21-ші шілдесінде Астана қаласындағы ««Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Мәдениет комитеті Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институты «Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасы» тақырыбы аясында кезекті ғылыми Дөңгелек үстел ұйымдастырды.

21.07.2014 12:00 1812

 

2014 жылдың 21-ші шілдесінде Астана қаласындағы ««Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Мәдениет комитеті Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институты «Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасы» тақырыбы аясында кезекті ғылыми Дөңгелек үстел ұйымдастырды.Аталмыш іс-шараға Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институты басшылары мен қызметкерлері, Астана қаласы мәдениет басқармасы мамандары, Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшылары мен өкілдері сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің қызметкерлері мен өзге саланың уәкілдері қатысты. «Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасы» аясында бұқаралық ақпарат өкілдеріне білікті мамандар сұхбат беріп, мәселені жан-жақты талдаған болатын. Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының бас директоры А.Р. Хазбулатов мәдени саясат Тұжырымдамасы бағдарламасы жоспарға сай орындалып келе жатқанын, және аса білікті мамандардың дүниежүзілік маңызы бар бұл жобаға атсалысып жатқанын мәлімдеді. Өз кезегінде сөз алған Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер Мемлекеттік академиялық орыс театрының басшысы Н. Г. Горобец «Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасы» өз даму үрдісімен келе жатқанын жан-жақты дәлелдеді. Сонымен қатар жиынға қатысушы мамандарға «мәдени саясат Тұжырымдамасының» іске асырылу жобасы көрсетіліп, келешекте орындалатын маңызды мәселелерді бірге талқылады. Жұмыс тобының келесі мүшесі, РһD докторы, қазіргі таңда Геттинген университетінде біліктілігін арттырып жүрген ғалым Ерғали Досмағамбет аталмыш бағдарламаға тың идеялар мен ұсыныстар ұсынды. Ерғали Досмағамбет мәдени саясат Тұжырымдамасына қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұстана отырып болашақта бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу қажет деп есептейді. «Біз болашақта мәдениетті, зиялы, ақылды, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін ата-бабаларымыздан келе жатқан мәдени құндылықтарымызды қазіргі ұрпаққа аманат ретінде жеткізуіміз керек.  Қазақ халқы өкілдері бәсекеге қабілеттігімен айрықшаланады, сол үшін ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық генетикалық кодымызды сол қалпында сақтауымыз қажет. Себебі: қазір ғылым мен техниканың дамыған заманында біздің қолға алып отырған Тұжырымдадамызды көптеген елдер оқып, таныса алады, және осы арқылы біздің өзгелерден ерекшелігіміз айқындалып тұруы тиіс - деп санайды зерттеуші. Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырылып келе жатқан ұзақ мерзімді мәдени саясат Тұжырымдамасын бүкіл ел болып бірге іске асырайық. Себебі: бұл ұлттың болашағына тікелей қатысы бар тарихи жоба. Әр қазақстандық мұны өзінің міндеті деп білуі қажет, сонда ғана біз жоғары жетістіктерге жетеміз.