2014 ж. 23 шілде. Астанада ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың алғашқы өңіраралық кеңесі жұмысын жалғастырып жатыр. Ұлттық комиссиялардың екінші күні әлемнің барлық аймақтарындағы ЮНЕСКО-ның қызметі мәселелері бойынша аймақтық кеңесулер мен ашық пікірталастар сипатында өтті.
Азия және Тынық мұхиты мемлекеттерінің сессиясын ЮНЕСКО бас директорының орынбасары Эрик Фальт ашты. Өзінің сөзінде ол ЮНЕСКО шеңберіндегі мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен одан сайын жақын арақатынасында ұлттық комиссиялардың орны ерекше екендігін айтып, ЮНЕСКО ұлттық комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырушы мемлекеттерге қолдау көрсету мен қаражат бөлуге әрдайым дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, әр ұлттық комиссия үшін өздерінің ұлттық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеретін ЮНЕСКО Бас хатшылығымен әріптесудің төл стратегиясын құрудың маңызын атап өтті.
Ұлттық комиссиялардың өкілдері өз тарапынан стратегиялар міндетті түрде оларды қызықтыратын барлық салаларды қамту қажет деген бірігей шешімге келген болатын. Сондай-ақ, осы топтың отырысында Азия және Тынық мұхиты аймағы бүгінгі таңда әлемнің ең белсенді аймақтарының бірі екендігі туралы бірнеше рет айтылды. 26 ұлттық комиссияның төрағалары ұлттық комиссиялар мен ЮНЕСКО Бас хатшылығының арасындағы өзара байланыстың тиімділігінің маңызын талқылады. Ұлттық комиссиялардың ЮНЕСКО-ның өзге клубтарымен мәдениет, мәдениетаралық және өркениетаралық сұхбат салаларындағы белсенді арақатынасы бұл жұмысты сәтті және жемісті етуде.
Өңірдің 28 мемлекетінің басын біріктіретін Еуропа мен Солтүстік Америка аймағы сессиясында бұл топтың ұлттық комиссиялары аралығындағы өзара ықпалдастық, өзара ақпарат пен тәжірибе алмасудың тиімділігі жөнінде сөз қозғалды. Осы орайда ғылым, білім және мәдениет салаларында тиімді ынтымақтастық үшін жаңадан құрылған ұлттық комиссияларға көмек пен қолдау көрсету қажеттігіне аса көңіл бөлінді. Ұлыбритания ұлттық комиссиясының директоры Киран Фернандес мырза өзі басқаратын ұйымның қызметі туралы баяндамасында мемлекеттердің білім беру саласындағы бірлесе жүргізген жұмысының тиімділігіне ерекше көңіл аударды. Отырыстың өзге қатысушылары да алдағы жемісті ықпалдастық үшін ұлттық комиссиялар арасындағы тығыз байланысты қолдау қажеттігіне сенім білдірді.
Африка аймағының ЮНЕСКО ұлттық комиссияларының басшылары аталмыш ұйым органдарының нәтижелері мен Африка мемлекеттерінің әлемнің өзге елдерінен ерекшелендіретін ұлттық мәселелерін талқыға салды. Қатысушылар саны бойынша ең үлкен бұл сессияда аймақтық бюроның ресми құжаты және ұлттық комиссиялар ЮНЕСКО-ның кластерлық бюроларымен біріздік әрі толассыз жұмыс жүргізуі туралы пікірталастар өткізілді. Бұл орайда, ЮНЕСКО-ның өзге органдарымен екіжақты қарым-қатынастарға айрықша маңыз берілді. Сонымен қатар, білім беру, мәдениет пен ұлтаралық сұхбат арқылы бейбітшілік жолындағы ЮНЕСКО бағдарламаларының тиімділігіне көңіл бөлінді.
Осындай қызу пікір алмасулар жеті араб мемлекеті және он үш Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің ұлттық комиссиялардың өкілдерінің қатысуымен өткен сессияларда да өтті.
Болашақтағы жұмысын жоспарлай отырып, сессиялардың қатысушылары келесі өңіраралық кеңестердің күн тәртібін дайындайтын үш мемлекеттен тұратын жұмыс тобын құру ұсынысын жасады.
Аймақтық топтар сессиялардың жұмысы нәтижелері болып табылатын ұсыныстар мен қорытындылар ЮНЕСКО ұлттық комиссияларының ақтық отырысында жарияланатын болады.
ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі
по материалам www.mk.gov.kz