24 шілде, 2014. 17.00. Астанада ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссиялардың Алғашқы өңіраралық кеңесі өз жұмысын аяқтады. Үшінші күннің күн тәртібі мазмұнды да мағыналы болды.
Таңғы отырысты ҚР Премьер-министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықова ашты. Отырысты ашар сөзінде вице-премьер қазіргі халықаралық қоғамдастық БҰҰ ықпалды институттарын қажет ететіндігін айтып өтті. Әлем мәдениеттер арасындағы сұхбат пен халықаралық саясаттың барлық жақтарын қанағаттандыратын бәтуаластыққа жеткізуші күшті керек етіп отыр. Бұндай бәтуаластықтың маңыздылығын Қазақстан әлдеқашан түсінген еді.
«Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандық қоғам ішінде ғана емес, сондай-ақ шетелдік әріптестермен де үйлесімді қарым-қатынастар орнатуға бет алды. Біздің сыртқы саясатымыз ел ішіндегі саясаттың қисынды жалғасы болып табылады. Қазақстан Президенті мен Үкіметі бейбіт өмір, ұлтаралық және дінаралық келісім, экономикалық әріптестік пен мәдени жақындай түсуді үнемі қолдап отырады» - деді өз сөзінде Г.Әбдіқалықова ханым.
Бұл ақтық отырыста сонымен қатар Қазақстан халықтары Ассамблеясының меңгерушісі Леонид Прокопенко, Мәдениет және дін халықаралық орталығы директорының орынбасары Айдар Абуов, ЮНЕСКО-ның Ізгі ниет Елшісі Серик Сапиев пен Универсиада-2017 дирекциясының атқарушы директоры Илья Уразаков сөз алған болатын.
ЮНЕСКО өңіраралық кеңесінің жабылу салтанатында ҚР Ұлттық комиссиясының жаңа басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы ЮНЕСКО БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет арқылы бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы бірден бір маңызды құрылымы екендігін айтты.
«Осындай беделді халықаралық институттармен әріптестік Қазақстан үшін әрқашан да басым бағыттардың бірі болмақ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған әлемдік мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы зерттеулерді біріктіру, бейбіт өмірді қалпына келтіруде елеулі үлес қосып, осы күнде де ерекше өркениеттік рөл атқаруда,» - деді өз сөзінде Министр мырза.
Жабылу салтанатында айтылғандай, ұлттық комиссиялардың арасындағы ынтымақтастық аталмыш органның өз елдеріміздегі жұмысын сәтті етіп қоймай, жалпы ЮНЕСКО жұмысына да жағымды әсерін тигізбек.
Біздің ортақ мақсатымыз байланыс құралдары, білім беру мен ғылым салаларын дамыту арқылы бейбіт өмірге және елдеріміздің көркеюіне қол жеткізу болып табылады. Өзара сыйластық пен бір-бірімізге қолдау көрсету осы мақсаттарға жету жолының маңызды құралдары болып табылады.
Уақыттың тығыздығына қарамастан, біз Ұлттық комиссиялардың ЮНЕСКО-мен қарым-қатынастарын кеңейтудегі ортақ мүдделерімізге қатысты көптеген мәселелерді талқылаған едік.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық комиссиясының басшысы әлемнің барлық аймақтарының өкілдері қатысқан аталмыш шара Ұлттық комиссиялар дамуының нақты деңгейін анықтау мен әр аймақтың тәжірибесінен ақпарат алуға мүмкіндік бергендігін айтып өтті.
Өзінің қорытынды сөзінде ЮНЕСКО Бас директорының өкілі Эрик Фальт ұйымның алдағы жұмысына қатысты аймақтық кеңесулер мен ашық пікірталастарға жоғары баға берді. Ол әлімнің барлық аймақтарынан келген ұлттық комиссиялар өкілдерінің үшкіндік жұмысын қорытындылап, осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараны өткізгендері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, ҚР Жауапты хатшысы Әділбек Жақсыбековке, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы, ҚР Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлы, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Ә.Өтегеноваға ерекше алғысын білдірді.
ЮНЕСКО Бас директоры орынбасарының ойынша, өткізілген шараға келген әрбір ұлттық комиссия алдына қойған мақсаттарының бірі өзінің және өзге комиссиялардың жүргізген жұмысын ресми және ресми емес сипатта салыстыру болды. Жабық сессиялар кезінде ұлттық комиссиялардың ЮНЕСКО Бас хатшылығымен ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін айқындайтын жұмыс топтары құрылды. Отырыстар барысында үшкүндік жұмыстың нәтижесі де болып табылатын әрі қарайғы іс-әрекеттердің жоспары қабылданды.
Сонымен қатар Э.Фальт комиссиялардың ЮНЕСКО басқа органдарымен әріптестігіне ресми нұсқаулыққа бірқатар өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді. Кеңесулерде енгізілген жаңалықтардың бірі ұлттық комиссиялардың ЮНЕСКО-мен үздіксіз тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы фондтарды құру болды. Э.Фальт мырза Қазақстанның шараны ұйымдастыруындағы қонақжайлығы мен жылы қарсы алуына ризашылығын білдірген кезде, отырысқа қатысқан өзге мемлекеттерден келген қонақтар тұрып шапалақтау арқылы оның сөздеріне қолдау көрсетті.
ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі
по материалам www.mk.gov.kz