25 шілде, 2014. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінде АМФ «Бірлік» бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары А.Қайшарова қатысуымен «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» бөлімшесі «Мәдениет» бастапқы партиялық ұйымның 2015-2025 жылдарға арналған партияның жемқорлыққа қарсы бағдарламасын талқылауды мақсат еткен жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысушылар қоғам ішінде жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру, мемлекет, қоғам және кәсіпкерлікті аталмыш әлеуметтік қастықпен күрес жолында біріктіру қызметіне қолдау көрсеткен болатын.
Талқылау барысында ҚР Мәдениет министрлігі заң департаментінің директоры Мақсат Жақсыбаев, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева, Мәдениет комитетінің төрайымы Ақтоты Раимқұлова, Тіл мәселелері комитетінің төрағасы қызметін атқарушы Серік Сәлемов және т.б. өз ұсыныстарын жасады.
Қатысушылар «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасының идеологиялық және құндылықты ұстанымдарына негізделген партияның жұмыс барысына демеушілік пікірлер білдірді.
Бастапқы партиялық ұйым мүшелері сонымен қатар «Нұр Отан» жемқорлыққа қарсы күрес жолында барлық партиялар және қоғамдық бірлестіктер арасындағы идеялар және пікір алмасуларды, тиімді өзара әріптестікті қамтамасыз ете алатындығына нық сенім білдірді.
Партияның 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы Бағдарламасын «Нұр Отан» партиясының сайтынан табуға болады. http://nurotan.kz/ru/news/3928.
ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі
по материалам www.mk.gov.kz