Қостанайда Қазақстанның көпжылдық мәдени саясатының тұжырымдамасы талқыланды. Жиында мүдделі мемлекеттік орган өкілдері аталған құжат төңірегінде ой-пікір, ұсыныстарын білдірді. Қазақ ұлттық мәдениет институты әзірлеген тұжырымдамада ел руханиятына қатысты елеулі мәселелердің бәрі қамтылған.
Әсіресе тарихи орындар мен жәдігерлерді жөндеп, насихаттап, шетелдік саяхатшыларды тарту идеясы ұнайды. «Жоба мәдениет саласының дамуына тың серпін береді»,- деді жиналғандар. Әйтсе де жергілікті қызметкерлердің де алып-қосары бар. Мұражай мен кітапхана қызметкерлерінің мұң-мұқтажы көбінесе назардан тыс қалып жатады. Маңызды құжатта бұл егжей-тегжейлі қамтылуы керектігі айтылды басқосуда.
Гүлжамария Қазина, Л.Толстой атындағы облыстық кітапханасының директоры:
-Мәдениет қызметкерлерін оқыту керек, қазіргі кезде сырт елге шығарту керек. Өзінің мамандығы бойынша статусын көтерсе, кітапханашылар жәнеде өзімізде бір институт бола ма, немесе курс бола ма, соны да біз ұсынып отырмыз. Өйткені кітапханашылар, мұражай қызметкерлерін, клуб жағынан болсын, бәрін оқыту керек. Үйрету керек қазір жастарды. Жастарды мәдениетке тарту керек.