XXII «Ақ түн жұлдыздары» музыкалық фестивалі шеңберінде Марииндік театрдың тарихи сахнасында астаналық Astana Ballet ұжымы бір акттен тұратын «Әлем» хореографиялық қойылымын көрсетті.
Ресейлік балетмейстер Никита Дмитриевскидің ерекше хореографиясында қазіргі әлемдік тенденциялар мен ұлттық хореографияның дәстүрлері бір-бірімен сәтті үйлесім тапты. Қазақстанның бай мәдениетінің ерекшелектерін ескере отырып жасалған қойылымның визуалдық тұжырымдамасының авторы мультимедиа саласындағы ресейлік жетекші мамандардың бірі Леонид Басин болып табылады. Музыканы жазған композиторлар – Арманд Амар мен Булат Гафаров, либретто авторлары – белгілі қазақстандық ақын, сценарист Бақыт Қайырбеков пен Никита Дмитриевский.
Бір жарым жыл бұрын құрылған Astana Ballet хореографиялық ұжымы бүгінгі таңда танымал болып, мемлекет ішінде және шетелде ірі концерттік бағдарламалармен өнер көрсетіп жүр.
по материалам www.mk.gov.kz