Көрменің атауы керуен шөл даладағы жолдармен асыл заттарды, жібек маталарды, олардан тігілген керемет киімдер мен дәмдеуіштер және есепсіз қазыналарды тасымалдаған Шығыстың Алтын ғасырымен байланысты. Ертеден-ақ, Үндістан мен Қытайдан шығып Жер Орта теңізі мен Волга бойына бет алған сауда керуендерінің тоғысатын жері болған Қазақстанның кең байтақ жері Батыс пен Шығыс арасындағы мәдени диалогтің, бір-біріне жанаспайтын діни, философиялық, этникалық ойлардың, технологиялардың және Еуроазиядағы әртүрлі халықтардың көркем шығармаларында шындықты бейнелеудің үлгілерінің жинақталатын орны болған.
Экспозиция Орталық Азия мен Кавказ халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі тоқыма өнерінің орнын және қолдану аясын сипаттап, құрамынан құрал-саймандар мен станоктар, киім-кешектер, үй бұйымдары, мініс және жүк артатын малдардың жабдықтары, мата үлгілері, кілемдер мен кестелер, үйлену тойына қатысты заттар, ислам дініне қатысты бұйымдар және т.б. ескерткіштерді табуға болады.
Тоқыма өндірісінің технологиясы мен оның тұрмыста қолдануы ғана емес, сонымен қатар сол замандағы тарихи мәселелер мен қоғамдық қарым-қатынастарды кеңінен сипаттайтын Көрмемен аттас каталог шығарылды.
Ресей этнографиялық музейі Орыс мұражайының этнографиялық бөлімі ретінде император Николай II пәрменімен оның әкесі император Александрдың III есімін тарихта қалдыру үшін құрылып, бүгінгі таңда Еуропаның ең ірі мұражайларының қатарына жатады. 100 жылдық тарихы бар мұражай қорында бұрынғы Ресей империясының аумағында өмір сүрген 157 халықтың тарихи ескерткіштері мен Романовтар әулетінің төл топтамаларынан алынған сыйлар бар.
2014 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Ресей этнографиялық музйенің басшылары әріптестік туралы меморандумға қол қойған болатын. «Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы» атты көрме - Қазақстан мен Ресейдің екі ірі музейінің алғашқы бірлескен жобасы.
по материалам www.mk.gov.kz