Қызылжардың пианист оқушылары Еуропаны таң қалдырды. Виолетта мен Ангелина Австрия елінде өткен халықаралық байқауға қатысып, үздік атанды. Әйгілі Моцарттың туындыларын орындаған қос қыздың өнеріне таңғалған қауым орындарынан тік тұрып, қошемет көрсеткен. Виолетта мен Ангелина фортепианоның ақ және қара пернелеріндей ажыраған емес. Өнерпаз қыздар жақында Моцарттың отаны Австрия еліне барып, әйгілі композитордың бірнеше туындысын орындап шықты.
Халықаралық байқауға барлығы 25 үміткер қатысты. Қазақстандық қыздар өз топтарында үздік атанып, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
по материалам www.24.kz