«Галактика сақшылары» фильмі қазақша дубляждалды

02.08.2014 09:23 1848

 

Астанада қазақ тіліне аударылған Marvel студиясының "Галактика сақшылары" блокбастерінің алғашқы көрсетілімі өткізді.

Аталмыш фильм қазақ тіліне аударылған кино өнімдерінің осы жылы үшіншісі, ал жалпы дубляждалған фильмдердің тоғызыншысы болып табылады. Қазақ тілі  "Галактика сақшылары" фильмінің кейіпкерлері сөйлеген әлемдегі ағылшын, француз, неміс, испан, португал, орыс және басқа да тілдердің қатарындағы 18-ші тіл болып отыр.

Фильмдегі әзілдер, кейіпкерлердің рөлін аша түсетін ұрымтал сөздер өте жоғары деңгейде аударылып, дыбысталған фильм көрерменнің көңілінен шығып, жоғары бағасын алды. Енді ол еліміздің кинотеатрларынан көрсетілетін болады.

по материалам www.mk.gov.kz