Ертіс өзені жағысының кішкентай сырнайшылары Грекияның Солоники қаласында өткен «Анар түсі» Халықаралық сайыс әділқазыларының жүректірн баурап алды. «ХХІ ғасыр балалары» балалардың жеке бас және шығармашылық дамуының халықаралық бағдарламасы ұйымдастырған фестивальға Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж – музыкалық мектеп-интернаты» ММ 8 оқушысы қатысты.
Бэлла Хасанова, Адина Букаева, Лидия Логинова мен Дильназ Жанкүшіковадан тұратын квартет байқауда Медведовскийдің «Гамма-Джаз» эллегиясын орындап, жарыстың алғашқы күндерінен-ақ шараның жұлдыздарына айналды. Музыкалық сайыста қазақстандық өзге де жас скрипкашылар мен пианиношылар өнер көрсеткен болатын.
Грекия, Ресей, Болгария мен Украина жоғары оқу орындарының профессорлық құрамынан тұратын әділқазылар алқасы Павлодар облысының жас дарындарының өнерін жоғары бағалады.
Павлодар музыкалық колледжінің қарсыластарын басып озып, Халықаралық музыкалық сайыстың Гран-при жүлдесінің даусыз иелері атанды.
по материалам www.mk.gov.kz