2014 жылдың 1 тамызында ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысына энеолит дәуірінің бірегей ескерткіші - Ботай қонысына зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін археологиялық экспедицияға шыққан болатын. Қызметкерлер үшін т.ғ.д., археология профессоры, Виктор ЗАЙБЕРТ Ботай энеолит қонысына жүргізілетін қазба жұмыстарының әдістері бойынша шеберлік-сыныбын жүргізуде.
Жас зерттеушілер Ботай қонысына қазба жұмыстарын белсенді түрде кірісіп, өздерінің алғашқы қауым археологиясы саласындағы танымдарын арттыруда. Мәдени қабаттарды ашу, артефакттарға тұрпаттамалық және статистикалық сараптама жүргізудің күрделі әдістерін меңгерген олар Дала өркениетінің қалыптасу және даму мәселелерін зерттеуде. Аталған экспедиция қазба жұмыстарын жүргізудің тәжірбиелік дағдыларын меңгеруді ғана емес, сонымен қатар зерттеушілердің жеке ғылыми жұмыс тақырыптарын бекіту мен отандық ғылымның дамуына үлестерін қосуды да көздеп отыр.
Экспедиция жұмыстары жалғасуда.
по материалам www.mk.gov.kz