Әлемге әйгілі дирижер, аты аңызға айналған Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев қазақтың өшпес операсы «Абайды» «Астана Опера» театрында сахналайды.
Бұл туынды қазақ мәдениетінің төрт бірдей кемеңгер тұлғасының есімдерімен байланысты, олар: ұлы Абай тұлғасы, либреттошы Мұхтар Әуезов және ұлы композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди.
«Абай» операсы алғаш рет 1944 жылы Алматы қаласында сахналанды. Композиторлар Мұхтар Әуезовтің либреттосына музыканы қысқа уақыт ішінде жазған болатын. 1958 жылы «Абай» операсына біршама өзгертулер енгізілді, содан бері 2014 жылы операны Алан Бөрібаев сахналағанға дейін қойылымы өзгертілген емес.
«Менің ойымша, Жұбанов пен Хамидидің операсында тұнып жатқан Абай бейнесінің мәнін ашу, музыкалық мұраның мағынасын қайта қарау әрбір ұрпаққа қажет дүние. Біздің әрқайсымыз Абайды өзімізше түсінеміз, әрбіреуіміздің өз Абайымыз бар, біздің көрермендерге көрсеткіміз келетіні де осы», - деп есептейді Алан Бөрібаев.
Премьерасы 2015 жылғы 1 және 2 мамырға жоспарланып отыр.
по материалам www.mk.gov.kz