Мәдени саясат Тұжырымдамасы Орал қаласында талқыланды.

26.07.2014 11:32 1943

 

Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасын Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының мәдениет қызметкерлері Орал қаласындағы өткен ғылыми жиында талқылады. Мамандардың пікірінше, мәдениет - идеологияны қалыптастыратын басты құрал болып табылады. Мәдениеттің халықаралық аренадағы дамуын қалыптастыру үшін озық технологиялар мен жоғары тәжірибемен қатар заманауи класстерлерді құру, бірыңғай білім беретін орталықтарды құру қажет. Жаңа мәдени Тұжырымдаманың күрделі тапсырмасы: әлемдегі жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. 

Аудандық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Звайда Утешова:Аталмыш бағдарламада жасөспірімдердің ортасындағы басты мәселелерді айта келе, бұқаралық ақпарат құралдар мен анимациялық фильмдерді дайындау барысында балалар мен жасөспірімдер әдебиетіне басты назар бөлінуін өз басым қолдаймын. ҚР Мәдениет министрлігі стратегиялық жоспарлау Департаменті директорының орынбасары Жанар Досаева: Ең басты мақсаттың бірі ол - бірыңғай білім беретін мәдени кеңістік қалыптастыру. Яғни, бірқатар білім беретін мәдени мекемелерді Мәдениет министрлігіне енгізу қажет. ЖОО, колледждер, музыкалық мектептер дегендей. Бүгінгі таңда, шығармашылық ортаны қалыптастыру мен оны дамытуда мұндай мәдени іс-шаралар басты назарда болуға тиіс.