Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институты Бас директордың бірінші орынбасары Қалиев Еркеш көпшіліктің алдында мәдени саясат Тұжырымдамасына қатысты маңызды баяндама жасады. Баяндама барысында Ол Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасы бағдарламасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы барысында жарияланғанын атап өтті.
Талқылау барысында қалалық және аудандық мекеме басшылары тарапынан маңызды ұсыныстар айтылды. Олардың пікірнше өңірдегі мәдени құндылықтар Мемлекет назарынан таса қалмай, мәдениет ошақтарына Республикалық қазынадан арнайы қаржылай көмек көрсетіліп тұруын басты назарда ұстады.
Ал кадрлар даярлауды талқылаған сәтте, жергілікті мамандар ЖОО ауылды жерлерге режиссер, өңдеуші, актерлар, продюссерлер мен қайта қалпына келтіру мамандарын арнайы дайындау қажет және ауылда жұмыс істеп тұрған мәдениет үйлерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің республикалық деңгейде білімдерін шыңдау керек деп ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар, орталықтандырылған шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларды республикалық, қала берді шетелдерге гастрольді сапарларға жіберудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Тұжырымдамада еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан барлық кітапханаларды цифрлауды жүз пайызға орындау , шалғайларда орналасқан елді-мекендерді интернетпен толық қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелер шешімін таппақ. Жергілікті халық өз ойларын ашық айтып, бірқатар түзетулер менен ұсыныстар қабылданды. Жиын соңында сөз алған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар аумақтағы мәдениет қызметкерлерінен бастап, қарапайым халыққа дейін аталмыш жобаны қолдайтындарын білдіріп, Ұлы Абайдың туған топырағында мәдениеттің қарқынды дамуына жергілікті халықтың белсене атсалысатынын мәлімдеді.