Қарағанды қаласында өткен Дөңгелек Үстел аясында Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасы талқыланды.

24.07.2014 17:42 1793

Кеше  Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары мен тетіктерін Қарағанды облысының әкімшілік мәжіліс залында мәдениет мамандары талқылады.

Аталмыш жобаны  қоғамдық негізде талқылауға облыстық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Дулатбековтың басқаруымен жобаны жүзеге асырушы – Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының бас директоры Хазбулатов Андрей, балалар және жасөспірімдер академиялық театрының директоры, аналитик, Горобец Надежда, Қазақстан Республикасы жаңа технологиялар Ұлттық палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы интернет-ассоциацының президенті Шапқат Сабыров және «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновтердің қатысуымен жүзеге асқан болатын.

Отырысты талқылау барысында қатысушы мамандар келесі сұрақтарды талқылады:

-         Қазіргі таңдағы облыстағы мәдени ортаның қорытындысы.

-         Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары.

-         Мәдениет мекемесі мен шығармашылық бірлестіктердің бірлескен жұмысы.

-         Облыстағы туристік кластердің дамуы.

-         Ғылыми мекемелерінде эстетикалық және тәрбиелік мәдениетті көтеру.

-         Мәдениет аясындағы жебеушілік және демеушілік мәселелер.

Мәдениет, өнер, білім, кәсіпкерлік, шығармашылық және үкіметтік емес  ұйымдардың өкілдері қатысқан жиында әркім өзінің ескертпелері мен ұсыныстарын айтуына мүмкіндік туды. Олар Тұжырымдаманы жүзеге асырып жатқан мәдениет министрлігінің адамдарына әр саланың мәселелеріне кеңірек тоқталуына жете мән берді. Жиынға келген қызметкерлер жұмыс тобының құрамына өңірдегі тәжірбиелі мамандарды енгізуді ұсынды. Тұжырымдаманың басты мақсаты –  бірыңғай жалпыұлттық мәдени кеңістік құру, бәсекеге қабілетті мәдени орта қалыптастыру және қазақстандықтардың жоғары рухани  өмірін жандандыру, мемлекеттің сыртқы беделін күшейту, экономиканың қарқынды дамуына әсер ететін заманауи мәдени кластерлер құру. Бұл міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс.