Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа телеарна құруды ұсынды

08.08.2014 12:00 1396

 

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» барысында Алматының 33 этномәдени бірлестігі жаңа «Бірлік» телеарнасының құрылуы мен хабар тарату мүмкіндіктерін талқыға салды.

Телеарнаның қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық көпұлтты үлгісінің даму қағидаттарының одан әрі қарайғы дамуы мен таралуына бағытталатын болады.

Бұл идея жөнінде алғаш рет Ассамблеяның өткен жылдың қарашасында ұйымдастырылған Медиафорумында айтылған болатын. Идеяның бастамашылары Қазақстанның татарлар мен башқұрттар Ассоциациясы болып табылады.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары жаңа телеарна этнос аралық келісімнің қазақстандық моделінің күшеюіне септігін тигізетіндігімен бірауыздан келісті.

Жаңа «Бірлік» телеарнасының ашылуы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығы қарсаңына жоспарланып отыр. Ассамблея тарапынан бұл идея қолдау тапты.

по материалам www.mk.gov.kz