2014 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі 10-жылдық мерейтойын іс-шаралар кешенімен тойламақшы.
Іс-шаралар кешені Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпус, мемлекттік мекемелер, алыс және жақын шет мемлекеттердің ғылыми және мұражай қауымдастығының өкілдері қатысатын «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан басталады. Бұл конференцияның мақсаты – музейлер мен ғылыми орталықтар арасындағы байланыстардың күшеюі, академиялық және музейлік қауымдастықтарын жақындата түсіру болып табылады.
Сонымен қатар Конференция аясында мұражай ісінің мамандарына арналған өзекті мұражай мәселелері және музей педагогикасындағы инновациялық әдістер туралы шеберлік-сыныптар өткізіледі.
Бағдарламаны «Серіктестер шоқжұлдызы» атты музейлік форум жалғастырады. Бұл форум Қазақстанның көптеген аймақтарынан келген шығармашылық топтардың басын қосып, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызыл-орда, Отырар, Павлодар, Петропавл, Тараз, Өскемен қалалары мұражайларының жиынтықтарымен танысуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі өз қызметінде тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттейтін және насихаттайтын жетекші білім беру, коммуникациялық, мәдени ақпарат және шығармашыл инновациялық орталық ретінде республика мұражайларының арасынан лайықты орын алды.
по материалам www.mk.gov.kz