ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаев жас атлеттерді жазғы Олимпиада ойындарына шығарып салды

14.08.2014 11:00 1486

 

14 тамыз, Алматы. Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында жасөспірімдер арасында өткізілетін жазғы Олимпиада ойындарына салтанатты шығарып салу өтті. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев қазақстандық спортшыларға бата беріп, осынау маңызды жарыстардан беделмен оралуды тіледі.

 Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын жасөспірімдер құрамасының жалаугері боксер Абылайхан Жусуповке тапсырды. Еркін күрес балуаны Мұхамбет Қуатбек спортсмендер аңтын берген болатын.

Сонымен қатар, олимпиаданың жас қатысушыларын аттандыру шарасына күрес ардагері Алексей Атаев, топтың демиссион басшысы Мәлік Сапашев, Қазақстан Олимпиада ұлттық комитетінің спорт бөлімінің басшысы Аслан Аманов, спортшылардың ата-аналары, журналисттер келді.

Олимпиада ойындары тамыздың 16 және 28 тамызы аралығында Қытай Халық Республикасының Нанкин қаласында өтеді. Қазақстан абыройын мемлекетіміздің 13 облысы, Астана және Алматы қалаларының, жалпы саны, 51 спортшы  қорғайды. Олар бокс, жеңіл атлетика, күрес, оқ ату, гимнастика, таэквандо, жалпы саны 21 спорт түрі бойынша жүлделі орындар үшін таласқа қатысады.

Қазақстанның жас олимпиадашылары сол күні Қытайға ұшып кетті.

по материалам www.mk.gov.kz