2014 жылдың 17 тамызында Қазақстан Спорт Күнін тойламақшы. Денсаулық пен спорттық рухтың бұл мерекесі тамыздың әр жексенбісінде өткізіледі.
Спорт Күні республиканың барлық аумақтарында түрлі спорттық акциялар, іс-шаралар мен жарыстардың ұйымдастырылуымен тойланбақ.
Іс-шаралардың ең маңыздысы Астана қаласының «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Бұл жерде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев, спорттық ұйымдардың басшылары, олимпиада жеңімпаздары, Қазақстанның спорт қауымдастығының қатысуымен «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты Республикалық акциясының салтанатты ашылуы болады.
Телемост көмегімен акция қатысушылары астанадан еліміздің ең шалғай аудандарына дейін созылатын бұқаралық және көлемді онлайн-жаттығуларға қатысады.
Спорттық шара қазақстандық жұлдыздардың, каратэ, таэквандо, көркем гимнастика ұжымдары мен «Street Work Out» және «Street Dance» спорттық би топтарының өнер көрсетуімен аяқталады.
по материалам www.mk.gov.kz