16 тамыз 2014. Алматы. Алматы қаласының «Интерконтиненталь» қонақүйінде ҚР волейбол Федерациясының есеп-сайлаулы конференциясы өтті. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеген болатын.
Өзінің құттықтау сөзінде министр Қазақстан құрамаларының Азия және Халықаралық волейбол федерацияларының қолдауымен ұйымдастырылатын әлемдік жарыстардағы жоғары жетістіктеріне аса көңіл бөлді.
«Өткен жұмада әйелдердің ұлттық құрамасы Чехияда өткізілген әлемдік Гран-приде жоғары дәрежелі ойын көрсетіп, бүгін Болгарияда басталатын «Төртеудің финалына» қатыспақшы. Ал қыркүйек айында Кореядағы 17-ші жазғы Азияда ойындарына және Италиядағы Әлем Чемпионатына ат салысады,» - деп қосты А.Мұхамедиұлы.
ҚРВФ Бас хатшысы Ермек Сырлыбаев атап өткендей, қазақстандық волейбол соңғы төрт жылда алға маңызды ұмтылыс жасады. Бұл орайда отандық құрамалармен жұмысқа бразилиялық Лиссандро Диас Корвальо мен итальяндық Николанджелло Антоничеллоның қосып жатқан үлестері де аз емес. Бүгінгі күні Алексей Сидоренко мен Александр Дъяченкодан тұратын Қазақстанның ең мықты жұбы халықаралық рейтингте 12-ші орын алып отыр.
Қазақстан Республикасының волейбол федерациясының белсенді жұмысының арқасында елде волейболдан 35 еркек және әйел құрамасы құрылып, жыл сайын әлемдік деңгейдегі ойыншылардың қатысуымен көптеген халықаралық турнирлер өткізіледі. Сонымен қатар жыл сайын аймақтық турлары республикамыздың 15 қаласында өтетін Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады.
Конференция жұмысы аяқталған соң ҚР волейбол Федерациясын келесі бес жыл бойы басқаратын президент сайланды. Қазақстан Республикасының волейбол федерациясының президенті болып әйгілі саяси қайраткер Нұртай Абыкайұлы Абыкаев тағайындалды.
18 тамызда Қазақстан, Австралия, Қытай, Үндістан, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея мен Тайланд құрамаларының басын қосатын ерлер Ұлттық құрамаларының 4 Азия Кубогы – ҚР Президентінің Кубогы басталатынын еске саламыз.
по материалам www.mk.gov.kz