Астана қаласының «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында Спорт Күні салтанатты түрде аталып өтті. Мерекені ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы ашты.
«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты республикалық акцияны Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты.
«Бүгін біз денсаулық пен спорттық рухтың керемет мерекесін өткізіп жатырмыз. Тұңғыш Президентіміз-Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саламатты өмір салтын қалыптастыруға үндеген сарабдал саясатының арқасында біздің елімізде спортқа айрықша көңіл бөлініп, аталған сала жан-жақты дамып келеді. Спорттық жетістіктер Президент Жолдауында қойылған Қазақстанның әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 мемлекет қатарына ілігу секілді стратегиялық маңызы бар мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенемін», - деді министр.
Шара кезінде аймақтармен тікелей байланыс орнатылып, Павлодар, Көкшетау, Өскемен қалаларының спорттық алаңдарында жиналған мыңдаған халық онлайн-жаттығуға қатысып, барлық қазақстандық спортшылар мен мемлекет тұрғындарын үлкен спорт мейрамымен құттықтауға мүмкіндікке ие болды.
Мерекелік концерт қазақстандық спорттың ең ірі дәрежелерін бейнелеп көрсеткен болатын. Спорт сүйер қауым көркем гимнастика, каратэ, таэквандо бокс және басқа да спорттық ұжымдары өнер көрсетуіне тәнті болды. Көрермендер, әсіресе, “Bar Bars”-тың ерекше қойылымына тәнті болды.
Іс-шараға келген Астана тұрғындары мен қонақтары әйгілі қазақстандық спортшылармен, соның ішінде қазақтар арасындағы алғашқы олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен «Қазақстан барысы – 2014» турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов және т.б., сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
по материалам www.mk.gov.kz