Балалар арасында өткізілген «Жаңа Толқын-2014» халықаралық музыкалық сайыста қазақстандық жас әнші үшінші орын алды

19.08.2014 10:00 1591

 

Балалар арасында өткізілген «Жаңа Толқын-2014» халықаралық музыкалық сайыста Қазақстан атынан өнер көрсеткен Мұхаммедәлі Жүгінісов үшінші орын алды. 10 жасар әнші Сейдолла Бәйтерековтың әйгілі «Әлия» әнін орындап, әділқазылар алқасының барлық мүшелерінен ең жоғары баға алды.

Игорь Крутой бастаған әділқазылар алқасына ресейлік және әлемдік шоу-бизнестің жұлдыздары – Филипп Киркоров, Лев Лещенко, Нюша және Алессандро Сафина кірді. Кәсіби мамандардан басқа қатысушылардың өнерін балалардың ата-аналары да бағалады. Олардың қойған бағалары бас төрешілердің баллдарына қосылды.

Мұхаммедәлі «Аялаған Астана» фестивалінде жеңіп, жасөспірімдер арасында өткізілетін ең үлкен музыкалық конкурс – «Жаңа Толқын-2014» жарысында мемлекетіміздің абыройын қорғауға мүмкіндік алған болатын.              

Жасөспірім орындаушы шығармашылық атмосферада өсті. Оның вокалдан ең алғашқы ұстазы анасы – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драмалық  театрының актрисасы болды. Кішкентай дарынның әкесі – продюсер, ал ағасы Рүстем Жүгінісов «Х-фактор» қазақстандық шоудың финалына қатысқан екен.

Көпшілікке таныс әндерді орындаушы жас әртістер арасындағы халықаралық конкурс жыл сайын Қырым қаласының «Артек» балалар лагерінде өткізіледі. Биыл бұл сайыс әлемнің 11 мемлекеті: Қазақстан, Ресей, Украина, Армения, Израиль, Румыния, Италия, Молдова, Беларусь, Латвия және Грузиядан келген 17 қатысушының басын біріктірді.

по материалам www.mk.gov.kz