Астанада «Балалар бейбітшілікті бейнелейді. Орталық Азия» Халықаралық балалар фестивалі ашылды

20.08.2014 00:00 1659

Бүгін Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінен 12 мен 17 жас аралығындағы 150 жас суретшініңбасын қосқан ЮНЕСКО-ның «Балалар бейбітшілікті бейнелейді. Орталық Азия 2013-2014» Халықаралық балалар фестивалі өз жұмысын бастады.

Аталмыш жоба алғаш рет 2010 жылы Фестиваль дамуындағы жаңа кезең мен маңызды қадам болған «Мәдениеттердің жақындасуы» ресми жылының шеңберінде жүзеге асырылған болатын. Екі жылда бір рет өткізілетін жоба 2013-2022 жылдар аралығындағы Мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығына бағытталған.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлық бюросы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақ Ұлттық өнер университеті және Total E&P Kazakhstan, Tethys Petroleum, Caspian Project Supply Company, Empire, Astana Hotel компанияларының қолдауымен өтіп жатқан шараның ұйымдастырушылары – ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры.

по материалам: www.mk.gov.kz