Қазақстан Нанкиндегі ІІ жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлде ұтып алды

21.08.2014 17:30 1428

 

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан екінші жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық ауыратлетші Жасұлан Қалиев 77 килограмм салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды.

Жасұлан Қалиев Ақмола облысы, Степногорск қаласындағы облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта тәрбиеленеді. Ол өзінің бапкері С.П. Шевченокның қарамағында жаттығады. Оның бірінші бапкері Қанат Ермағанбетов.

Бұл медаль Қазақстан спортшыларының үлесіндегі екінші жүлде. Еске салсақ, дзюдшы Бауыржан Жауынтаев жарыстың алғашқы күнінде 55 кило салмақта алтын медальді ұтып алған болатын.

по материалам: www.mk.gov.kz