«Тур де Франс» жеңімпаздары Бурабайда өткен қайырымдылық велосапарына қатысты

24.08.2014 11:00 1532

 

Тамыздың 23 жұлдызында Щучье-Бурабай демалыс аймағында «Астана» клубы танымал велоспортшыларының қатысуымен қайырымдылық велошеру өтті.

 30 шақырымдық шеруге 300-ге жуық адам, соның қатарында Олимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Винокуров, «Тур де Франс 2014» жеңімпазы Винченцо Нибали және «Астана» велокомандасының өзге де мүшелері қатысты. Сондай-ақ аталмыш велосапарға Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келген болатын.

Велосипедшілер шеруі аяқталған соң Александр Винокуров пен «Астана» велокомандасы, Қазақтан теннис Федерациясы, бірқатар банктер мен сауда ұйымдары өз тауарларын лотқа шығарған арнайы аукцион ұйымдастырылды. Винокуров лотқа Vino маркасының алғашқы велосипеді мен «Тур де Франс-2011» вело жарысында киген жейдесін шығарса, Винченцо Нибали «Тур де Франс 2014» жарысында мінген велосипедін қойды.

Қайырымдылық акциясына қатысушылар күшімен 87,7 млн теңге жиналды. Бұл қаражатқа жаңа Облыстық перинаталды орталығын жабдықтауға қажетті медициналық құрал-саймандар сатылып алынады.

по материалам: www.mk.gov.kz