Мемлекеттік қызметкерлер ең мықты спортшылар атағы үшін жарысқа түсті

24.08.2014 12:00 1428

 

2014 жылдың 16-24 тамызы аралығында орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері арасында республикандық спартакиада өтті. Мемлекеттік қызметкерлер жазғы спорттың 5 түрінен жүлделі орындар үшін бағдаласты.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық сайысты өткізудің мақсаты – халық арасындағы бұқаралық спорттың дамуы жөніндегі Елбасының тапсырмасы мен 2011-2015 жылдар аралығына бағыттылған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау.

Орталық мекемелердің қызметкерлері спорттың 5 түрі – теннис, жүзу, мини футбол, волейбол мен бильярд бойынша бақтарын сынап көрді.

Спартакиаданы өткізу үшін астананың ең жоғары талғамға сай спорттық объектілері таңдап алынды – «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Астана Арена» стадионы, Үстелдік теннис орталығы мен «Жеті Қазына» бильярд клубы.

Биылғы спартакиадаға екі топқа бөлінген 16 мемлекеттік органнан 800 спортшы қатысты. ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті А тобына жатқызылса, В тобына өзге мемлекеттік ведомстволар кірді.

Мини футболдан жарысқа әр мемлекеттік органнан екі командадан қатысты. А тобында қарулы күштердің жеңімпазы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті болса, В тобында чемпион атағын Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі алды.

Ер адамдар арасында өткізілген волейбол сайысында А тобынан ҚР ҰҚК құрамасы, ал В тобында ҚР Қаржы министрлігі жеңімпаз атанды. Әйелдер волейболында ҚР ІІМ мен Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігі топ жарып шықты.

В тобында Ішкі істер министрлігі үстел теннисі мен жүзуден абсолютті чемпион атағын жеңіп алса, А тобында жүзуден ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ал үстел теннисінде ҚР ҚМ бірінші орын алды.

Бильярд сайысы топқа бөлінбей, барлық министрліктер үшін ортақ өткізілді. Бұл жарыста Ұлттық қауіпсіздік комитетінің спортшылары бірінші орыннан көрінген болатын.

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада 2009 жылдан бері ұйымдастырылып, биылғы шара реті бойынша 6-шысы болып табылады.

по материалам: www.mk.gov.kz