Астанада алғаш рет таеквондоның олимпиадалық нұсқасы (WTF) бойынша Бүкіләлемдік Гран-при өтеді

25.08.2014 12:00 1537

 

29-31 тамыз күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Отандық спорт тарихында тұңғыш рет таеквондоның олимпиадалық нұсқасы (WTF) бойынша Бүкіләлемдік Гран-при өтеді.

Аталған бәсеке халықаралық күнтізбедегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады, турнирдің деңгейі құрлықтық біріншіліктер мен құрлық Ойындарына тең. Гран-приге әлемдік рейтингте тек үздік 35 спортшының тізіміне енгендер ғана қатысуға шақырылады. Бүгінгі күні Астанадағы турнирге командаларды тіркеу аяқталды. Қатысушы елдер саны – 50, олардың арасында Корея, Иран, Ресей, АҚШ және тағы басқа әлемдік көшбасшылар бар. Қатысушылар саны – 209. Қонақтардың арасында әлем чемпиондары мен Олимпиада Ойындарының жеңімпаздары аз емес.

по материалам: www.mk.gov.kz