24 тамыз, 2014. Астана. Назарбаев орталығында «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия 2013-2014» Халықаралық Фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және ресми жабылуы өткізілді.
Фестиваль – Қазақстанның ұсынуымен ЮНЕСКО Бас Конференциясында қабылданған Мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығын тойлауға бағытталған шаралардың бірі.
Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық Комиссия, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластерлық бюросы, Қазақ ұлттық өнер университеті, TotalE&PKazakhstan, Tethys Petroleum, NCOC, Caspian Project Supply Company, Empire, Royal Park Astana секілді мемлекеттік, халықаралық және бизнес-құрылымдар қолдауымен өткен шараның ұйымдастырушылары ЮНЕСКО Клубтарының Ұлттық Федерациясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасының Қоры болып табылады.
Фестиваль шеңберінде 150 дарынды жасөспірім Орталық Азияның бейнелеу өнерінің атақты шеберлерінің бірегей дискуссиялары мен тренингтері, әлем мәдениеті мен дәстүрлері бойынша шеберлік сыныптарына қатысып, сондай-ақ халықаралық мамандар жүргізген мәдениет, өнер және коммуникациялар тақырыптарындағы дәрістер тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
Шара қорытындысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдері 150 жас дарынының суреттері енген «Балалар Әлемді бейнелейді» атты алғашқы қазақстандық альбом шығарылды.
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы альбомға кіріспе сөзінде: «Бұл альбомды біз жас отандастарымыздың белсенді азаматтық ұстанымдарының манифесті деп білеміз. Олар шығармашылық арқылы қоршаған әлемді болашаққа деген ізгілікті сеніммен танып-біледі. Альбом терең ойларға жол салып, балалықтың пәк энергиясы жаңа идеялардың пайда болуына септігін тигізіп, келешекте жарқын істерді жүзеге асыруға күш береді деген сенімдемін», - деп жазды.
по материалам: www.mk.gov.kz