Жібек жолындағы сұхбаттар

26.08.2014 10:00 1522

 

26 тамыз 2014. Бурабай. Бүгін Щучье-Бурабай демалыс аймағының «Оқжетпес» шипажайында «Жібек Жолындағы сұхбаттар» атты жылма-жылдық халықаралық семинар өз жұмысын бастады. «Жібек жолындағы интеграциялық үрдістер: кеше, бүгін, ертең» тақырыбындағы шара биыл сегізінші рет өткізілуде.

 Орталық Азия аймағының мемлекеттері мен халықтары арасындағы жан-жақты байланыстардың жаңаруы мен күшеюіне бағытталған семинар Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген  шығармашылық және гуманитарлық  интеллигенцияның басын қосты.

Шараның «Жібек жолындағы интеграциялық үрдістер: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыбы қалыптасқан қазіргі геосаяси жағдайда Орта Азиялық аймақтың тарихы мен өткен-кеткені жайлы сұхбатқа жол ашып, ортақ еуразиялық қоғамдастық құруды мақсат еткен еуразиялық кеңістіктің болашағы туралы терең ойларды тудыру арқылы өте өзекті болып табылады.

Аталмыш семинарға Орта Азияның ең танымал және көрнекті ғалымдары, мәдениеттанушылары, депутаттар, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық бөлімінің меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Сенат депутаттары Анатолий Башмаков пен Нұрлан Оразалин, Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР МСМ Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатов және семинардың бастаушысы, ауыспас жүргізушісі Мұрат Мұқтарұлы Әуезов бар.

«Жібек жолындағы сұхбаттар» Халықаралық семинары 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізілетіндігін еске саламыз. Аталмыш кездесудің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Кітапханасы (Мұқтар Әуезов кабинеті), «Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» ҚҚ, Еуразия ұлттық университетінің ЮНЕСКО құжырасы.

по материалам: www.mk.gov.kz