Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата заң

29.08.2014 11:00 1547

 

29 тамыз 2014. Астана. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Конституция және Білім күніне арналған «Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата Заң» атты мерекелік сабақ өткізілді.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция жоғары құндылықтары ретінде  адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығын қамтыған демократиялық құқықтық мемлекет ретінде республиканың дамуында жаңа қадам болды. Елдің негізгі заңы – егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік дамуының іргетасына айналған тарихи маңызды ерекше құжат. Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназияның бірінші сынып оқушылары – Қазақстан Республикасының жас азаматтары – елдің Ата Заңында көрініс тапқан өз құқықтары мен бостандықтарын, Негізгі заңды жасаудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін танып-білді. Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған бейнематериалдар мен фотоқұжаттар қолданылды.

Сонымен қатар vерекені ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі өткен сабақтан естелік ретінде мектеп табалдырығын алғаш аттаушыларға арнап, сыйлықтар әзірледі.  

по материалам: www.mk.gov.kz