Құрметті отандастар!
Сіздерді мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі Конститутция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні біз бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекетіміздің азаматтық құқық саласындағы жеткен жетістіктерін бағамдап, еліміздің болашағы жайлы ойланамыз. Баршамыздың мақсатымыз әрбір азаматы елдік пен егемендіктің, іргесі берік мемлекеттіліктің темірқазығын нығайту жолында зор жауапкершілік көтере алатын рухы күшті, қуатты мемлекет құру.
Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында 1995 жылы қабылданған республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін, өз өміршеңдігін дәлелдеп отыр.
Бүкіладамзаттық құндылықтар қамтылған Ата заңымыз Қазақстан жолының алтын қазығы, бірлігі мен достығы жарасқан республика азаматтарының тең мүмкіндіктері мен құқықтарының кепілі, елдігіміздің бұлжымас бағдары.
Ортақ мақсатымыз жалпыұлттық бірлік пен тұрақтылықты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамда тұрақтылық пен келісім негізін сақтау.
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Констиутция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
ҚР Мәдениет және спорт министрі
А.Мұхамедиұлы
по материалам: www.mk.gov.kz