Ү.ж. 9 – 11 қыркүйекте Алматы қаласында Г. Камал атындағы Татар мемлекеттік Академиялық театрының гастрольдік сапары өтеді. Ресейдің көне ұлттық театры М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында 3 қойылым көрсетеді.
Татар труппасының Алматы қаласында алғашқы гастрольдік сапары 1964 жылы өтті. Онда 7 қойылым қойылыммен, оның ішінде К. Тинчуриннің «Көгілдір шәлі» мен «Казан орамалы», Н. Исанбеттің – «Гүлжамал» мен «Зифа» Татар классик драматургтерінің пьесалары қойылды. Сол уақыттан бері қарай Г. Камал театры Алматы қаласында 5 рет болған.
Гастроль бағдарламасына 3 қойылым енді: Татар театры жұлдыздарының қатысуымен Ильгиз Зайниевтің «Кеш келген жаз», өткен маусымның премьерасы Туфан Миннуллиннің «Молда» шығармасы мен 24 жыл сахна төрінде қойылып жүрген «Гэргэри күйеубалалары» қойылымдары бар.
Барлық спектакльдер орыс тіліне ілеспе аудармамен қамтамасыз етіледі.
по материалам: www.mk.gov.kz