2014 жылдың 10 қыркүйегінде Елорданың «Астана» Ұлттық сурет галереясында «Қазақстан Республикасы ардагерлер және әскери-патриоттық бірлестіктерінің Республикалық Форумы» өткізіледі. Аталмыш шараға бұрынғы Кеңес Одағының Тәжікстан Республикасындағы 90-жылдары ең шиеленісті шекара бөліктерінің бірін қорғаған 300 қазақстандық бітімгер қатыспақшы.
Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Ардагерлер Одағы (Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен әскери шиеленістерге қатысушылар)» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.
Бүгінгі таңда бұрынғы бітімгерлер белсенді қоғамдық жұмыспен айналысып, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Әскери қызмет ардагерлері өсіп келе жатқан ұрпақта өз халқының тарихы мен мәдениетіне деген сыйластық, елін сүйгіштік пен Отанын қорғауға дайындық сезімдерін қалыптастыру жолында өз әрекеттерін біріктіруде.
Форум жұмысына ҚР Парламенті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері, БҰҰ өкілдері, Қазақстандағы Тәжікстан және Ресей Елшіліктері, Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдары, тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдардың ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мен еліміздің танымал қоғам қайраткерлері қатысады.
Іс-шара барысында жастар арасында жүргізілетін әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру жолындағы Қазақстан ардагерлік қозғалысын дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар тәжік-ауған шекарасындағы, Таулы Қарабахтағы шиеленістерге қатысушы-ардагерлер және Иракта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау «Қазбат» бітімгерлік батальонының құрамында болған әскери қызметкерлердің заңнамалық статусын анықтау мәселелері талқыланады.
Тәуелсіздікке қол жеткізген шағымыздың басында Қазақстан Республикасының әсери бөлімшелері Тәжікстандағы жауынгерлік міндетті сәтті аяқтап, әскери шиеленістің күшеюі мен Орталық Азия аймағына таралуына жол бермегендігін еске саламыз.
Қазақстан Республикасы әскери бөлімшелерінің Тәжікстан шекараларын қорғаудағы ТМД Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлесе жүргізген әрекеттері Орталық Азия аймағындағы жағдайды тұрақтандыруда маңызды қадам болды. Жалпы, 1992 және 2001 жылдар аралығында Тәжікстан Республикасындағы әскери қимылдарда жауынгерлік қызметті 8,5 мыңнан астам қазақстандық өтті.
по материалам: www.mk.gov.kz