2014 жылдың 14 қыркүйегінде әлемнің ең әйгілі концерт залдарының бірі болып саналатын Карнеги-холлда (АҚШ) «Абай» және «Шәкәрім» сюиталарының тұсаукесері өткізіледі. Қазақстан халқының мәдени мұрасын Марат Бисенгалиев бастаған «Алматы симфониялық оркестрі» орындайды.
Екі музыкалық туындылардың авторы шығармалары тек Ұлыбритания мен Еуропада ғана емес, бүкіл әлемге танымал британдық композитор, Британия империясының Таңдаулы орденінің командоры Сэр Карл Дженкинс болып табылады.
Осынау маңызды әлемдік тұсаукесерге дайындық 2013 жылдың наурызында басталған еді. Бұл уақытта Алматы симфониялық оркестрі Карл Дженкинстің бастамасымен Лондонның Angel студиясында сюиталардың жазбасын жасаған болатын. Сонымен қатар музыкалық шығармаларды даярлау кезінде атақты ағылшын композиторы Қазақстанға бірнеше рет келіп, көшпенділер мәдениеті мен қазақ музыкалық аспаптарының шығу тарихын зерттеді.
Аталмыш шара «Достастықтың мәдени астаналары» атты мемлекетаралық бағдарлама аясында Алматы қаласын ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде қолдауға бағытталғандығын еске саламыз.
по материалам: www.mk.gov.kz