Қозғал, біл, аш!

06.09.2014 00:00 1436

6 қыркүйек 2014. Астана. Елорда тұрғындары мен қонақтары Олимпиадалық күнді Астаналық мәдениет және демалыс саябағында атап өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиалық комитеті, ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Бүгінгі таңда әлемнің 200 Ұлттық Олимпиалық комитеттері алдарына дәстүрлі олимпиадалық құндылықтарды насихаттау, дене шынықтыру және спортпен айналысуға жас және мүмкіндіктеріндегі айырмашылыққа қарамастан барлық адамдарды тарту, салауатты өмір салтын таратуда халыққа өз азаматтық көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беру мақсаттарын қоя отырып, Олимпиадалық қозғалыстың туған күнін жыл сайын тойлайды.

«Қозғал, біл, аш» деген ұранмен өткен мерекелік шараға мемлекеттік қызметкерлер, қарулы күштер қызметкерлері, Олимпиада чемпиондары, БАҚ жұмыскерлері, Астана қаласының мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында тәлім алушылармен қатар қатысам деушілердің барлығы ат салысты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Олимпиаданың туылған күніне орай үш бұқаралық жүгіріс (екі жүгіріс 800 метр, біреуі 1200 метр қашықтыққа), мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жүз метр қашықтыққа арба бәйгесі, сонымен қатар түрлі байқаулар мен викториналар ұйымдастырылды. Жүгірістердің жеңімпаздары ұйымдастырушылар атынан олимпиадалық символикасы бар сыйлықтармен марапатталса, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арнайы тартулар табыс етілді.

 

  

по материалам: www.mk.gov.kz