ҚазҒЗМ институтының ғылыми қызметкерлері Орынбор қаласына кетті

15.08.2013 11:01 1772

Қазақ мәдениет ғылыми зерттеу институты директорының бірінші орынбасары М.Кипиев бастаған ғылыми қызметкерлер тобы Ресейдің Орынбор қаласына іс-сапарға кетті. Мақсаты – ««Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениетін және өнерін тануға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» ғылыми-зерттеу жобасы аясында материал жинау.  Бұл  тасқа қашалған суреттер мен жазулар, көшпелілердің тау-дала ландшафтарын меңгеру арқылы шаруашылықтарын жүргізуі кезінде қолданған рулық таңба белгілер жүйесі мен жазулары, табиғи ресурстарды ортақ пайдалануы, сондай-ақ басқа да көшпелі халықтармен, үзеңгілес көршілерімен байланысы сияқты аз зерттелген қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мәселелерін қамтиды.

2013 жылдың  9-23 маусымында Е.Оразбек және М.Сенбі бастаған ҚазМҒЗ институтының ғылыми-зерттеу тобы Ташкент қаласында болып қайтты. Өзбекстан Республикасына барудағы мақсат институт жобасына қатысты көрші мемлекет кітапханаларынан материал жинау, соның ішінде топонимикалық сөздіктермен жұмыс, Орталық Азия (Орта Азия және Қазақстан) халықтарының ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына қатысты жобаға арналған материалдар дайындау болатын.

Ғылыми-зерттеу тобы Қазақстан Елшілігінің Өзбекстандағы ғимаратының ашылу салтанатына қатысқан. Шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келген болатын.