«Астана Опера» жаңа театралдық маусымын «Жібек жолымен» ашты

17.09.2014 00:00 1797

 

2014 жылдың 17 қыркүйегінде Астанада «Жібек жолы» Халықаралық фестивалі ашылды. Қазақстан, Италия, Франция, Қытай және Ресей балет және опера жұлдыздарының басын қосқан шара Елорданың «Астана Опера» театрының жаңа маусымына бастау салды.

Халықаралық фестивальді «Ла Скала» итальяндық театрдың түпнұсқалық қойылымында көрсетілетін «Тоска» операсы ашты. Лука Ронконидің сарқылмас режиссерлық айласы жүзеге асқан операдағы басты рөлдерді итальяндық жұлдыздар Анна Пироцци, Массимо Джиордано мен Альберто Газале ойнайды.

Анна Пироцци астаналық көрерменге таныс. Ол аталмыш операның ағымдағы жылдың мамыр айында өткен тұсаукесерлік көрсетіліміне қатысқан болатын. Ал тенор Массимо Джиордано мен баритон Альберто Газале Қазақстанға алғаш рет келгенімен, фестиваль ашылуынан бір күн бұрын өткен баспасөз конференцияда сөйлеген сөздеріне қарағанда, қазақстандық жас театрдың сахнасында ойнау – әлемнің театралдық грандтарында өнер көрсету абыройынан кем түспес оқиға.

Фестиваль аясында Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына С.Прокофьевтің балеті «Ромео мен Джульетта» (19 қыркүйек),М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы (20 қыркүйек), А.Хачатурянның «Спартак» балеті, «Аққулар көлі» балеті (23 қыркүйек) және Дж.Пуччинидің «Богема» операсы (29 қыркүйек) ұсынылады.

Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі фестиваль аясында Қытай мен Қазақстанның әйгілі театрлары – Абай атындағы Опера және балети мемлекеттік академиялық театры (21 қыркүйек) және Қытай ұлттық театрының (25 қыркүйек) гастрольдік сапары көзделген.

КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованый бенефисінде классикалық музыка өнерімен әуестенушілер шетелдік және отандық операларының үзінділері, халық әндері мен инструменталдық шығармалардың орындалуымен тамсану мүмкіндігіне ие болады.

Одан басқа, Орталық Азияда тұңғыш рет, әйгілі Марииндік театр «Астана Операның» сахнасында Р.Вагнердің «Нибелунг сақинасы» трилогиясынан «Рейн алтыны» (3 қазан) мен «Валькирия» (4 қазан) операраларын көрсетеді.

«Жібек жолы» фестивалін «Астана балет» ұжымының концерті және итальяндық операның қас шебері Витторио Григолоның қатысуымен өтетін мерекелік Гала концерт жабады.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, «Жібек жолы» халықаралық фестивалі «Астана Опера» театры әрбір жаңа маусымының дәстүрлі ашылуына айналады. Италия, Голландия, Франция және өзге елдердің театрлары келесі жылғы фестивальға қатысу ниетін білдіруде.

по материалам: www.mk.gov.kz