Инчхондағы Азиаданың үшкүндік қорытындысы

23.09.2014 00:00 1524

 

21 және 22 қыркүйек 2014. Инчхон. Қазақстанның ұлттық құрамасы жазғы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия Ойындарында өнер көрсетуін жалғастыруда. Үш күннің қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылар Азияның 45 мемлекеті ішінде 6 орынға табан тіреді.

21 қыркүйекте қазақстандық спортшы Андрей Могилевский стенд атудан жеке турнирде қола жүлде ұтып алып, барша жанкүйерлерін қуантқан болатын.

Сондай-ақ дзюдошы қыз Мариян Урдабаева 63 кг дейінгі салмақ категориясындағы додалы сайыста Монголиядан келген қарсыласын татамиға жығып, қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Келесі күміс жүлдені Қазақстан қоржынына 100 кг дейінгі салмақ категориясында өнер көрсететін дзюдошы Максим Раков салды. Жүлделер үшін ақтық күресте ол монголиялық Тувшинбаяр Найданға жол беріп қойған еді.

Жеңіл салмақты екілікте қазақстандық ескек есушілер мен ушу спортшылары Ришат Ливеншо мен Нұрсұлтан Тұрсынқұлов жүлделер үшін арпалысты жалғастырады.

Үш күннің нәтижесінде Қазақстан қоржынында 9 жүлде – 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.

 

по материалам: www.mk.gov.kz