2014 жылдың 24-25 қыркүйегінде Астана қаласында ТМД мүше елдерінің мемлекеттік архив қызмет басшыларының Консультативтік кеңесінің отырысы өтті.
Консультативтік кеңес архив ісінің өзекті мәселелерін бірлесе қарастырып, оларды шешудің механизмдерін жасақтау мақсатында ТМД мүше-мемлекеттерінің Атқарушы комитеті Экономикалық кеңесінің 2004 жылғы 3 желтоқсанындағы шешіміне сәйкес құрылған болатын.
Консультативтік кеңестің отырысында «2003-2013 жж. ТМД елдеріндегі архив ісінің жағдайы» туралы баяндаманың жобасы қабылданып, ТМД мүшелерінің Атқарушы комитетіне қабылданған тәртіпте қарастырылуға жіберілді.
Сонымен қатар отырыс барысында Консультативтік Кеңестің төрағасы сайланған болатын. Кеңестің келесі кезеңгі төрайымы ретінде Қазақстан Республикасының Архив ісі және құжат Департаментінің директоры А. Мұстафина сайланды.
Консультативтік Кеңестің келесі отырысы 2015 жылы Ресей Федерациясында өткізіледі.
по материалам: www.mk.gov.kz