Ғажайыптар Елі

19.09.2014 17:01 2549

Қазақстан тарихында алғаш рет мәдени саясат Тұжырымдамасы жасалды. Бұл құжатта шығармашылық салалар – цирктік өнер, киноиндустриядан өзге мәдени-туристік кластерлерге айрықша көңіл бөлінген.

Австриялық жол                                                          

Қазіргі таңда, шетелдіктердің шыныменде Қазақстанға деген қызығушылықтары артып келеді. Мысалы, Австриялық тілшілер Шығыс Қазақстан облысының тарихи мұралары жайында деректі фильмдер түсіруде. Олар аймақтың бай табиғатына қатты қызыққан. Соның ішінде Қатон-Қарағай ауданы мен Марқакөл көлін жалғастыратын ескі австриялық жол. Бұл ескі австриялық жолды бірінші дүние жүзілік соғыстың тұтқындары салған. Маршрут екі асу арқылы ең әдемі жерлер арқылы өтеді. Ұзындығы 50 шақырым. Австриялық тілшілер шығыс Қазақстан облысының өлкетанушысымен кездесіп, өздері үшін жаңа тарихи мағлұмат алды. Қазіргі таңда түсіру тобының мүшелері осы жолды салуға ат салысқан адамдардың туыстарын іздестіруде. Шетелдіктерді осы аймақта өмір сүретін адамдар таңқалдырған. Олардың ойынша жергілікті тұрғындар европалықтар секілді консерваторлық және шығыс халықтарына тән қонақжай – деп австриялықтар қазақстандықтарды есептейді.

Отандарына оралғаннан кейін тілшілер өздерінің жұмыстарын Австрияның оңтүстік-шығысында орналасқан Грац қаласында өтетін халықаралық кинофестивальға ұсынбақ. Ол фильмді Австрия Республикасының барлық мемлекеттік федаралды каналдарынан көрсетеді.

Ковчег Ноха

Әр мемлекеттің энергетикалық тұрғыдан алғанда іргелі жерлері болады. Ондай орындарды ғажайып деп айтпау мүмкін емес. Қасиетті жерлерде елдер тілек айтып, көптеген ауруларынан айығып жатады. Қазақстанға келетін шетелдік туристердің санын арттыруда қасиетті жерлер көптеп кездеседі. Сондай ғажайып жердің бірі шымкент қаласынан 40 шақырым жердегі Қазығұрт ауданында орналасқан – Қазығұрт таулары. Таудың киелі жер екені ғылыми тұрғыда еш дәлелденбеген, тек қана фольклорлық атауға ие. Бұл таулар тек қана қазақ халқының ғана емес, бүкіл шығыс халықтарының мақтанышы. Тауға байланысты 50-ден астам аңыз бар. Ең басты аңыз қасиетті таурат кітабындағы Нұх пайғамбармен байланысты. Жер жүзін топан су басқанда оның кемесі осы Қазығұрт тауының шыңына тоқтап, тіршілік аман қалған дейді. Нұх пайғамбарыдң кемесінен аман қалған жан-жануарлардың жұптарының бейнесі іспеттес тас мүсіндер кездеседі. Сондай-ақ кеменің тоқтаған орнын да көруге болады дейді. Қасиетті кітапта жазылғандай қайық бейнесіндегі үлкен тас құрылыс бар. Сонау 200 метрден көзге анық түсетін қасиетті орынға бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінен әртүрлі діннің өкілдері келіп сыйынуда. «Нұх пайғамбардың кемесі» тарихи-мәдени кешені халықаралық Алматы – Ташкент – Термез автожолындағы Қазығұрт тауына қарама-қарсы асуда орналасқан. Таудың маңайындағы Кемеқалған жерінде ғибадат етуге келгендерге үш тарихи бұлақты көрсетеді. Аңыз бойынша бұл жерде пайғамбар балаларымен бірге су кепкеннен кейін өмір сүрген деседі. Айтпақшы, үш бұлақтан дәм татқан адамдар олардың дәмдері бір-біріне ұқсамайтынын айтады. Бұл сулар асқазан, көз ауруларына ем саналып, адамдарға ерекше күш-қуат беретін қасиеті бар. Сонымен қатар Кемеқалғанда Ата-Ана атты екі шың бар (басқаша айтқанда, күнәдән тазартатын «Адам мен Хауа»). Бұл шыңдардың ортасынан көргендердің сөзіне сенсек тек қана күнәсі жоқ адамдар ғана өте алады екен.

Шыңғыс хан табыты.

Қазіргі таңда ұлы Шыңғыс ханның қай жерле жерленгенін ешкім білмейді. Тарихшылар бұл тақырып аясында ғасырлар бойы пікір-таластар өткізіп келеді. Уақыт өте келе көптеген жаңа нұсқалар пайда болуда. Ол бойынша бірқатар ғылыми экспедияциялар ұйымдастырылды. Бірақ, бұлардың барлығы еш нәтижесіз аяқталуда. Семей аймағы адамдарының бұл мәселе бойынша өз көзқарастары бар. Семей қаласынан екі жүз шақырымдай жердегі Абай ауданында Шыңғыстау атты тау бар. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша таудың шыңдарының бірінде Темужинді ақ киізге орап хан көтеріп, Шыңғыс деген есімді берген деседі. Жергілікті ақсақалдардың сөздері бойынша осы маңда хан жерленген. Бұл ауданда сондай-ақ Қоңыр-Әулие үңгірі орналасқан Ақтас тауы бар. Үңгірдің ішінде емдік қасиетке ие мөлдір таза суы бар терең көл жатыр. Жергілікті аңыз бойынша қазақ-жоңғар соғысы кезінде сарбаздар үзіліс арасында бұл жерде жараларын емдеген көрінеді. Қазіргі таңда үңгір емдік ғибадат ететін жерге айналған. Апта сайын оған Ресей, Қырғызстан және Белорусиядан 600-700 адам келеді. Бұл көлдің ереше бір қасиеті, оған шомылған нашақор, алқаш, темекі шеккіш адамдар жаман әдеттерінен тез арада арылып, бала көтере алмай жүрген әйел адамдар жуық арада бала көтеретін болған.

Осыған байланысты он бес метр тереңдікте орналасқан көлдің түбінде құпия есік бар. Шыңғыс хан осы жерде жерленген деген нұсқалар бар. Су қоймасында екі айырмалы ағыс бар және олар жерасты жолдары арқылы Меккемен қатысты.

Ақтөбе облысындағы Хромтаудан алыс емес жерде әйел адамның мүсініне ұқсас екі тау бар. Көне аңыз бойынша жас қыз елін жаудан қорғау және өзі қорланбас үшін бар күшін салып, өзін тауға айналдырып, өзінің қасиетін жұрттарға қалдырған деседі. Бұл тауларға үш рет көтерілген әр адам бар сәтсіздіктерінен құтылып, тазарады екен. Тіпті, аяқтарынан тұра алмайтын мүгедектердің өзі бұл жерде 5-6 тәулік уақыт өткізгеннен кейін ауруларынан құлан-таза айығып, өз аяқтарымен жүріп кеткенін көзімен көргендер таңдана айтады.  

Қызылорда облысында бүгінде біраз адамдар келіп, ежелгі ата-бабалардың әруағына сыйынатын қасиетті жерлер көптеп кездеседі. Солардың ішінде Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының шекарасында орналасқан Қаратау етегінде орналасқан Қатын-Қамал үңгірі мен Нұртуған құдығына ғибадат етушілердің саны көп.

Әулие-ағаш. Қазақстан территориясында орналасқан ғажайып орындардың бірі. Ірі қара ағаштың жасы 700 жылдай. Ол Алматы қаласынан 320 шақырым алыстағы Көктал ауылында орналасқан.

Алматыдан Бішкекке қарай 85 шақырым жерде шағын ғана Үңгіртас ауылы бар. Аңыз бойынша дәл осы жерде аспан мен жер теңесетін болған. Жергілікті халықтың айтуы бойынша таудағы үңгірлер әртүрлі ауруларға шипа көрінеді.

Қазіргі таңда көптеген ғажайып жерлер жеке адамдардың қолына өтіп, бизнес мақсатында ғана жұмыс істеуде. Осындай қасиетті жерлерді сол маңда тұратын жергілікті тұрғындардың пікірінше мемлекет өз қарамағына алуға тиіс дейді. Себебі; олар шетелдік туристерді елімізге тартуда басты рөл атқаратыны анық.

Осы жылы Қазақстанның беделін арттыратын бірнеше іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде, біздің еліміз Испаниядағы FITUR 2014, Түркиядағы EMITT, Германиядағы ITB, БАӘ-дегі ATM, Қытайдағы ITM халықаралық туристік көрмелеріне қатысқан болатын. Сондай-ақ, көрмелер аясында Бүкіләлемдік туристік мекемелер мен жарнама және маркетингтік агенттіктермен кездесулер, келіссөздер жүргізген болатын. Көптеген шетелдік мемлекеттермен туризм саласын дамыту бойынша маңызды келіссөздер өткізілді. Ақпан айында, Будапешт қаласында туризм саласы бойынша екі жақтың ынтымақтастығын күшейтетін жұмыс тобының отырысы болып, нәтижесінде екі ел арасында туризмды дамытатын меморандумға қол қойылған болатын. Сәуір айында Түркі елдерінің кеңесінде жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, нәтижесінде Қазақстан «Түркілік кеңес – заманауи Жібек жолы» деп аталатын ортақ жобаның үйлестірушісі болып сайланды. «Заманауи Жібек жолының Түркілік кеңесі» атты ақпар-кітапша жарыққа шығару жоспарланған. Ол бойынша ұйымға мүше елдердің туристік компаниялары ұйымдастыратын турлар жайында ақпараттар беріледі.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев қандай отандық мәдени-туристік орындарды айналымға енгізу керек екенін айтып өтті. Ол бірінші кезекте Дүниежүзілік ЮНЕСКО мұрасына тіркелген – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі менен Тамғалы археологиялық кешендері. Сонымен қатар, Қытай мен Қырғызстандағы Жібек жолының 8 нысанын тізімге енгізу жоспарланып отыр. «Біздің тарихымыз тереңге жайылған, мұражай істері мен қорықтар жақсы даму үстінде. Еліміздің түкпір-түкпірлерінде мәдени-туристік кластерлерді дамытатын жоспарлар бар, сол себепті алдыға қойған мақсаттарымыз маңызды», - деп вице-министр мәлімдеді.

Дереккөз – «Новое поколение» газеті