2014 жылдың 20 және 27 қыркүйегі аралығында Түрікменстанның «Аваза» туристік аймағында ТМД мүше-елдерінің Мектеп мәдени-спорттық фестивалі өткізілді. Саламатты өмір салтының мәдени мерекесіне қазақстандық оқушылар делегациясы да қатысты.
ТМД мектеп оқушыларының спорттық фестивалін өткізудің бастамашысы болып табылатын Түрікменстанның Президенті Гурбангулы Бердымухамедов қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде осындай шараны өткізудің негізгі мақсаттары оқушылардың арасында саламатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау, ТМД оқу орындары мен барша Достастық балаларының арасында достық байланыстарын орнату болып табылатындығын ескертіп өтті.
Түрікменстанның Білім беру министрлігі, Мәдениет министрлігі, Түрікменстанның спорт істері мемлекеттік комитеті және Мектеп спортының бүкілресейлік федерациясының атсалысуымен өткен Фестиваль бағдарламасына мини-футбол, жағажайдағы волейбол, үстелдік теннис, шахматтар және баскеьболдан жарыстар енді.
Қазақстанның волейбол жұбы фестивальдан үшінші орын алып келді.
2014 жылдың 11 қыркүйегінде өткен кездесуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мактымгулы Акмырадов қазақстандық оқушылардың Авазадағы мәдени-спорттық фестиваліне қатысу, екі мемлекеттің мәдениет және өнер саласының өкілдері арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылағандығын ескертеміз.
по материалам: www.mk.gov.kz